Ұзатылып барады Гүлнарым менің…
Жанарың нұрлы, жарқыным, менің, Жарқырап жүрген алтыным едің. Жүрегім қимастықтан елжірейді, Жатқанда ұзатылып Гүлнарым менің. Біледі ғой қимастықтың өлшемін – Әке болып, Ана болып көрсе кім? Өз қолымен өзі үзіп бергендей, Жүрегінің ең қажетті бөлшегін.