Толық мәзір

Сарыарқадағы кездесудің жалғасы

 

жезказган 1#‎Серпін2050‬ Сарыарқаның ортасында орналасқан, Жезқазған қаласындағы №7 орта мектепке кездесуімізді жалғастырдық. Себебі, аталмыш мектеп көрнекті ғалым, геолог, ірі ғылымға жол салған Жезқазғанның атын әлемге паш еткен — Сәтпаев Қаныш Имантайұлы атындағы орта мектеп екен. Білім ордасында көрнекті ғалымның өмірі мен қызмет жолына арналған оқушыларға таптырмайтын мол қазына тәлім-тәрбие беретін мұражай орналасқан.
Оқушылар кіндік қандары тамған туған жерлері бойынша азғантай сахналық көрініс дайындап, өздерінің және келген қонақтардың жүрегіне еліне, жеріне деген патриоттық, сүйіспеншілік рух сезімдерін ұялата білді.
Сонымен, Жезқазған жерінің кең ауасын жұтып, күннің қалай тез өтіп кеткенін де байқамай қалыппыз. Келесі кездескенше, жалынды жастардың мекені!