Мұрат Әбенов: Украинадағы жағдай бойынша түйген ой

Көршілерге қарап бізде іштей жинақталып қалдық. Осалдау тұстарымыз да байқалады.
Бірінші байқалғаны — ақпараттық кеңестігіміз толық қалыптаспаған. Жеме-жемге келгенде сырттан келген ақпараттық шабуылға қарсы қоятын бір де бір қазақтілді БАҚ жоқ болды. Мемлекеттік ұстанымды ортақ жеткізетін құрал таба алмай қалдық. Күрделі мәселелерді (қаржы, саясат, халықаралық жағдай, құқық) талдай алатын БАҚ өкілдері жеткіліксіз. Көршілердің ақпарат құралдары күнімен-түнімен Қырымдағы жағдайды өз мемлекетінің идеологиясымен біздің ақпарат кеңестігімізді толтырды. Ал ол кезде біздің БАҚ тек концерт, шоу бағдарламалардан босамады. ҚР СІМ баяу қозғалады, өз ұстанымын кеш жариялағаннан БАҚ өкілдері көрші елдің қөзқарасымен ақпаратын жариялады. Біздің ұстанымға сәйкес келмейтін — Батыс бүлікшіл, Шығыс билікшіл, «радикал» , «фашист» деген кейбір көршіміздің «пропагандалық» сөзіне еріп жазған, БАҚ-да «саяси таңбалар» пайда болды. Ресми қызметтегі кейбір танымал азаматтар шатасып (СІМ пікірін күтпей) Ресейдің Қырымға кірген әскерін, көрші елдің басшысын қолдап кеткендер болды. БАҚ және ресми тұлғалардың жәриялаған осындай пікірлері сепаратизмді ақтауға жол беретіні анық. Кейбіреулері білмей істесе, басқалары соғысты шындап насихаттап кетті. Оларды байқап қалдық. Енді сақ болармыз.
Бірақ жетістігіміз де жоқ емес. Сыртқы қауіп азаматтық қоғамды сыннан өткізді. Саяси ұстанымы бөлек, әлеуметтік жағдайы әр денгейде, біреуі жеке сала біреуі мемлекеттік кызметте болғанмен Қазақ елі болашағы үшін көпшілік қауым болып бірігетінімізді байқадық. Дәстүрлі БАҚ тың орнына фейсбук және твиттер желілері күрделі мәселелерді талқылайтын ақпараттық алаң болып қалыптасып келеді. Осы күндері бұрын танымайтын (әр түрлі сала, жан-жақтағы аймақтардан) отанын сүйетін, мемлекетшіл азаматтармен ой бөлістік. Жақын таныдық, орта кеңейді. Кім-кім екенін біліп алдық. Енді сала-сала бойынша біліктілігімізді арттыру, жан-жақты көзқарасымызды кеңейту керек. Осы желілерді пайдаланып мемлекеттік мекемелерде қазақ тілінде жазатын мамандар болса, сауатты және екі жаққа пайдалы пікір алмастыруға болады. Сонда өз сарапшыларымыз шындалады.
Негізгі тұжырым — қоғамдық саяси тұрақтылық ең басты жетістігіміз. Көздің қарашығындай сақтау керек екеніне тағыда мойындадық. Соның арқасында көршілерге жалтақтамайтын жастарымыз өсіп қалды. Ұлтаралық қарым-қатынастарды байқамаса — ең осал жеріміз. Соны сақтаумыз қажет. Көшетіндер көшті, қалғанымыз Қазақ елінің болашағы үшін бірігіп барлық этностармен етене қызмет жасаумыз керек. «Орысша сөйледі, қазақша дұрыс айтпады» — деп бөлуді қаншалықты тиімді. Мәселе тек тілде емес- азаматтық көзқараста. Қазақша сайрап тұрып, айтары болмаған адамнан, орысшалап Қазақ елінің намысын қорғаған азаматтарымыз артық. Барынша бір-бірімізге бауыр туысқан болайық. Сыртқы жауларымыздың бірден бір арманы — арамызға алауыздық салу. «Іштен шыққан жау жаман» — демекші, араңдатушыларға жол бермейік.
Ең бастысы ауызбіршілік керек. Қазақ елі — Мәңгілік ел болуына қолдан келгенше қызмет жасайық.
Ең бастысы ауызбіршілік керек. Қазақ елі — Мәңгілік ел болуына қолдан келгенше қызмет жасайық.