Мұрат Әбенов: ТИБЕТ БАСШЫЛЫҒЫ : БАРЛЫҚ БАЛАЛАРҒА ТЕГIН БIЛIM БЕРЕМIЗ!
Кеше #Тибет өлкесiнiң басшылығымен ресми кездесүлер өттi ! Автономиялық аймақтын бұрыннан созылып келе жатқан саяси , геосаяси, ұлттық , дiни қиындықтары бар екенi белгiлi. Сол себептен шет мемлекеттерге Тибет жайлы қандай болсын ақпарат оңай жете бермейдi . Кездесу барысында Үкiмет , партия басшылығы осы мәлелердi қалай шешiп , қандай жетiстiктерi бар екенiн асықпай таратып айтты. Әрине жақсы жағын көбiрек көрсетүге тырысады ( өзiмiзде сондаймыз ) . Менi қызықтыратын мәселе — жастар тәрбиесi, балаларға жасайтын жағдай және бiлiм саласы. Жауаптарына қарағанда көптеген жүйелi жұмыстар жасалған екен — олар негiзiнен тибет ұлтының ерекше проблемаларын арнайы шаралармен шешу. Мысалы тибет ұлтына бала тууда «бiр от басына — бiр бала» деген шектеулер қоймаған. Екiншi , Тибет барлық балаларына арнайы шара -мектепке дейiн 3 жыл балабақшада оқыту және тамағы тегiн. Мектепте 9 жыл Қытайдын барлық өлкелерiнде тегiн оқытыды. Тибеттiң жастарына жасалған тағы бiр артықшылық — мектептен кейiн 3 жыл университетте тегiн оқытып , мамандық бередi. Және мамандық алған жастарды Лхас қаласында жұмысқа қалдыруға тырысады. . Ауылдан қалаға қөшүдi насихаттау , техникалық мамандықты көбiрек оқыту — осы мәселелерге көбiрек көңiл аударады. Бұл жағв бiздiң #Серпiн2050 бағдаламасына ұқсайды екен. Оқуларының барлығы екi тiлде жүредi — тибет және қытай . Солай дейдi … Ал әзiрше Кытыйдағы САПАР жалғасуда!