Мұрат Әбенов: Солтүстік Қазақстанда Рессейдің Николай II патшасына ЗАҢСЫЗ орнатылған ескерткіш
Солтүстік Қазақстанда Рессейдің Николай II патшасына ЗАҢСЫЗ орнатылған ескерткіш , ЗАҢНЫН талаптырына сүйеніп алдыртуды талап ету керек. ҚР Бас Прокуратурасы еліміздің заңдылығы орындалуын тексерү жүргізіп, тез арада қатаң шара қабылдау керек деп ойлаймын. Орталықтан мәжбүрлеп орындатуды қолға алмаса, Солтүстік Қазақстанда ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК бар ма , жоқ па екенін білмей қалдық. Сол жердегі билік өз қызметін қажетті дәрежеде атқарса, қатардағы кәсіпкер өз қалаумен, облыс орталығының жанында Қызылжар ауданының аумағында, еш рұқсатсыз, алдын ала келіспей, ресейлік император ll Николайға ескерткіш қоятынына мен сенбеймін.
Осы жағдай туындаға жол берген өзіміздің әкімшілік.
«Білмей қалдым, көрмей қалдым» десе — жергілікті билік басында неге отырады? Біле тұра , заңнын бұзылғанын көре тұра үндемей отырса — онда заңды бұзыға ықпалдасты деп түсінуіміз керек.
Талай қазақтын қырылуына себепкер болған бұл патшаға қазақ жерінде ескерткіш койғаны қоғамға әсер етпей қоймайтыны белгілі. Дін және саясатты араластырғаны дұрыс емес. Дегенмен сырттағылардың мақсаттары араға от салу болса, біз оған жол бермеуіміз керек. Этнос, конфессияаралық бітім және татулық — өте құнды жетістігіміз. Қанша намысымызға тисе де , сол өңірде тұратын жергілікті қарапайым халықтың оған қатысы жоқ екенің түсінүіміз керек. Геосаяси оқиғалары орын алып жатқан кезде араңдатуға жол бермей , тек заңды түрде шешілген дұрыс. Жақын арада ОҚО Сталин ескерткішін көп шулатпай алдырып тастаған сияқты тәжіриебеміз бар.
Менің ойымша, бұндай жағдайда ҚР Бас Прокуратурасы тексерү ұйымдастырып қоғамда туындап жатқан келесі сұрақтарға жауп беруі тиіс :
1) Жер туралы заңнама бұзылған ба? Егер шіркеу салу үшін жер алса бұл бір жағдай , ал ескерткіш үшін басқа талап қойылады. Екеүі екі түрлі құжат болу керек. Ол бар ма? Жоқ болса жер инспекциясы неге заңды бұзылуын тоқтатпайды?
2) Сәулет және қала құрылысы туралы заңнамада қатаң талаптар бар. Яғни, аталмыш жерде ауылдың, ауданның бас жобасында дәл осындай ескерткіш қоюға орын қарастырылған ба? Оған арнай құрылыс жобасы бар ма? Болса кім мемлекттік сараптама жасады? Ол жобаны бекіткен қай мемлекеттік кізметкер екен? Ал жобасыз салса құрылысты бақлау инспекциясы неге үндемей отыр? Бір күнде салған жоқ қой, ірге тасы қалағаннан бастап неге тоқтатпады?
3) Кеден заңдылығында мәдени құндылықтары шегарада алып өтү ерекше талабы бар. Бұл мүсін Рессейден әкелген. Қалай алып өтті? Заң бұзылмады ма? Құжаттарды тесерү керек.
4) Конституция бойынша біз зайырлы мемлекетпіз. Дін мемлекеттен бөлек, саясатқа араласу заңмен шектеледі. Бұл ескерткіш дін мекемесінің аумағында тұрғанымен, дінді уағыздау үшін емес, саяси мақстатты көздейтін сияқты. Ескерткіштің тақтайшасына бұл: «ұлы мәртебелі император Николай …Ұлыресейлік өзінбасқарушы… » деп тек саяси дәрежесін жазған. Әсери формасы , және мемлекеттік наградалары бейнеленген. Дінге бірде бір қатысты ақпарат көрсетілмеген. Ата заңымыз талабына қайшылық байқалады. Дін саласын бақлау жасайтын мемлекеттік орган осы шіркеу салынып ескерткіш қойып жатқанда неге түсіндірү жұмыс жасамаған. Мысалы біз аулда бір мешіт салу үшін бір жыл бойы бүкіл проектін көрсетіп зорға рұқсатын алдық.
5) ҚР қойылған ескерткішке басқа мемлекеттің рәміздерімен орналастыру қаншалықты заңды?
6) ҚР кез келген ескерткіштер салар алдында мемлекеттік органдардың шешімімен бекітіледі. Ескерткішті қойған азаматтарда сондай рұқсат құжаттары бар ма? Бұқаралық ақпарат құралдарға жергілікті мемлекеттік қызметкерлер берген сұхбатына қарасақ БҰЛ ЕСКЕРТКІШ САЛУҒА ОНДАЙ РЕСМИ РҰҚСАТ БЕРІЛМЕГЕН. Сонда әкімдер заңсыз салып жатқанын көріп неге өз құзырлығын пайдаланып неге заңды шара қабылдамаған.
7) Қазақ елінде Қазақстан Конституциясы және заңыңдары барлық азаматтар және ұйымдар міндетті түрде орындауы тиіс. Бақылауды жергілікті мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Аталмыш жағдайда, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЗАҢДЫ БАҚЫЛАУДА, ОЛАРДЫ БҰЛЖЫТПАЙ ОРЫНДАТУДА НЕМҚҰРАЙЛЫҒЫ байқалады. Осы жергілікті СҚО лауазымды қызметкерлеріне қандай жаза қолданылады?
Мұндай жағдайда, бірінші кезекте өзіміздің шенеуніктерді жазалау қажет, яғни мемлекеттің мүдделерін қорғай алмайтындықтары, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарының дұрыс жолға қойылмағандығы. Шынын айтсақ, әкімдік келеңсіз жағдайда қажетті түрде тез шешім қабылдамағанынан туындап отыр. Егер алдын-ала шіркеу басшылары , ескерткіш құрылысының бастама жасаған кәсіпкермен сөйлесіп, уақытылы ескерту жасалса, осындай заң бұзушылық орын алмас еді. Менің тәжіриебемде мықты кәсіпкерлер құқықтық сауаттылығы жоғары, мелекеттің мүмкіншілігін, билік қыр-сырын жақсы біледі. Олар ашық түрде заң бұзушылыққа сирек барары.
Орталық құзырлы органдар жоғарыда қойылған сұрақтарға толыққанды және тез арада жауап бермесе, халық арасында өсек және кертартпа пікірлер орын алатыны айқын. Жергілікті мемлекеттік органдардың заңды дұрыс пайдалана білмеулері, халықтың билік органдарына деген сенімсіздігін тудырады. Дін және ұлтаралық ынтымақтастық қоғамдық қатынастардың сезімтал буыны болып келеді. Сол себептен аталмыш жағдайларға дұрыс бағыт беріп, заң бұзушылыққа жол бермеулері керек.
Осындай жағдайлар Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлар алдында болып жатыр…. Өз Ұлы тойымызды барынша СЫПАЙЫ болып өткіземіз деп жүргенде , діни тақырыпты астарлап , көзімізді ашып жұмғанша төрімізге осындай «николайларды» отырғызғаны ойлардырмай қоймайды.
Дегенмен сабырлық сақтап , заң талаптарын сүйеніп , қатысты азаматтарға түсіндіріп, артық дау дамайға бармай шешкеніміз дұрыс.