Толық мәзір

Мұрат Әбенов: Серпін-2050″ жобасы бойынша Жамбыл облысында

 

таразДәл қазір ТІКЕЛЕЙ ЭФИРЕ ҚАЗАҚСТАН — ТАРАЗ «Серпін-2050» жобасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Соңғы күндердегі іс-сапарларымыз түгелдей осы жобаға байланысты болды. Бірнеше күн бұрын Сыр өңірінде, Қазығұрт баурайында болсақ, бүгін Әулиеата жеріне табан тіредік. Бұйыртса Тараз қаласында да «Серпін-2050» әлеуметтік жобасына қатысты сауалдарға жауап бермекпіз. Бүгін сағат 11:00 «Қазақстан-Тараз» телеарнасында арнайы бағдарламаға қатысатын болдым Тікелей эфирд. Жоба бойынша құрылған жұмыс топтары, штаб мүшелерімен кездесуді де жоспарладық. Дәл қазір мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, одан соң қоғамдық қабылдау өткізуді жоспарладық. Осылайша, Жамбыл облысы жастарының жобаға белсене қатысуына ықпал етпекпіз. Өткен жылы «Серпін-2050» жобасына көне Тараз өңірінен 170-тен астам түлек қана қатысқан еді. Биыл бұл мөлшердің еселеп артатынынан үміт етеміз. Өйткені, жоба аясында бөлінетін білім гранттарының саны үш есеге артты.