Толық мәзір

Мұрат Әбенов: «Серпін-2050» бағдарламасы талапкерлерге тегін әрі сапалы білім ұсынуда

Алматы облысына «Серпін-2050″ бағдарламасы бойынша сапар тұралы хабар!
Жалпы өте тиімді өтті! Жан жақты ұйымдастыру қолдау көрсеткен облыс әкімі орынбасары Бахтияр Унербаев шын алғысымды айтамын!                                                                                                         Мақсат — ішкі миграцияны реттеу, солтүстік аймақтардағы маман тапшылығын жою, осы арқылы оңтүстіктегі жұмыссыздық мәселесін шешу. Бағдарламаның ұтымды тұстарын жетісулықтарға түсіндіру мақсатында Талдықорғанға жобаны үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов арнайы келді. Себебі, Алматы облысы былтыр ең аз тапсырыс берген өңір. Биыл бағдарлама аясында жоғары оқу орындарына 5 мың грант, арнайы кәсіптік білім алам дегендерге 1200 грант бөлінуде. Тегін білім гранттарымен қатар көптеген әлеуметтік жеңілдіктер де қарастырылған.