Мұрат Әбенов: Домалып айналып келген «Былғары доп»!
Балалардың көптеп спортпен шұғылдануына атсалысайық!
Жақын арада мені Республикалық «Былғары доп» жасөспірімдер футбол турнирінің Қамқорлық кеңесінің төрағасы етіп сайлады. Баршаңызға аян, «Былғары доп» жарысы 50 жыл бұрын басталған. Шыны керек, бұл турнир менің құрдасым деп айтсақ болады — бірге ойнадық, қатар өстік. 50 жылда ел жаңа деуші еді — «былғары доп» алдыма айналып келді!
Кеңес одағы құлағаннан кейін мектеп оқушылары жаппай ойнайтын аталмыш турнир тоқтады. Өкінішке орай, бұл отандық футболдың дамуына үлкен соққы болды. Отандық футболдың тамырынан балта шабылды деуге болады. Артынан не болғанын ересектер командаларынан коріп жүрміз : әлемдік рейтингте төмен орнымыз, легионерлердің де проблемасы — ҚР құрама командасында жергілікті ойыншыларының аздығы, көрермендердің қызығушылығы төмен екені де байқалады. Осы үшін біз ҚФФ әрдайым сынға салып жүрміз. 2005 жылы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметінде жүрген кезінде Балалардың Футбол Лигасын құрудың бас-қасында жүрдім. Сол кезде 20 000 жуық баланы осы ойынға тарттық. Бірақ, жеке дара облыстар бойынша жаппай балаларды жинау қиын. Себебі, әлует жеткіліксіз болды.
Тоғыз жыл бұрын тоқтап қалған «Былғары допты» «Coca-Cola компаниясы қолға алды. Содан бері турнир қайта жаңғырып балалардың спорттық ойындарының жаппай қатысатын түріне айналды. Біздің елімізде аталмыш әлеуметтік жобалар аз. Мысалы, 2015 жылғы турнирге қатысушы санының өзі 400 000 бала, олар Қазақстан бойынша 6200 мектептен жиналды. Өзінің тоғыз жылдық тарихында «Coca-Cola Былғары Доп» қазақстан футболына Рауан Сариев және Сергей Хижниченко деген ойыншыларды тарту етті.
Биыл қыркүйек айында 10-шы мерекелік «Былғары Доп» -«Кожаный Мяч» турнирі басталады. Жобаның маңыздылығын ескере отырып, ұйымдастыру комитеті » Қамқорлық Кеңес» құру бойынша шешім қабылдады. Негізгі мақсат турнирдің дамуы және қоғаммен байланысты жақсарту. Кеңес мүшелері қатарына қазақстан футболының майталманы- Сейілда Байшақов (Қазақстан футбол федерациясы), Марат Қошаев- ҚР БҒМ жанындағы Денешынықтыру бойынша Ұлттық Ғылыми-практикалық орталығының директоры. Айта кету керек, аталмыш екі мекеме 9 жыл бойы Турнирдің негізгі серіктері болып табылады. Ал, «Қамқорлық Кеңесінің» төрағасы ретінде мені сайлады. Мен үлкен ризашылығыммен өз келісімімді бердім. Кеше Алматы қаласында «Былғары Доп» -«Кожаный Мяч» Республикалық турнирінің Қамқорлық Кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Біздің алдымызда турнирді насихаттау, сонымен қатар Жергілікті органдар, бизнес өкілдері ұйымдастыру жақтарына бірге атсалысуға жұмылдыру. Ерекше назарымызда болатын мәселе — ауыл жастары арасында футболды дамыту. Қажет болса, мен ФБ достарымнан көмек сұраймын.
Айтпақшы, бұл менің қоғамдық жұмысым. Әрине мен өзімнің бұрынғы жобаларыммен де айналысамын.