Мереке құтты болсын Қазақ Елі!
Биыл 16 желтоқсанды Ұлыбританияның Norwich қаласында қарсалуға тура келді. Бізді қарсы алған NILE институтының директоры Thom Kiddle айтулы мерекені ескеріп, ресми қабылдау жасады.
Осы күнге арнайы апарған шағын жалауларымызды қолымыздан тастамай институттағы жиында, одан кейін қаланы аралағанда мақтанышпен желбіретіп, қуанышымыз ішiмiзге симай бірде ішімізден, бірде дауыстап əн ұранымызды шырқап жүрдік! Бұл күннің маңызы қай кезде де орны бөлек, ал сыртта жүргенде ерекше сезіледі! Дүние жүзіндегі жүректері қазақ деп соғатын барлық азаматтар алыста жүрсе де, Қазақ Елімен көзге көрінбейтін байланыс бар екенін сезінген болар. Тəуелсіздігіміз Мəңгі болсын! Гулдей бер Қазақстан!