Толық мәзір

«Мұрат Әбеновпен Ашық әңгіме»

ДОСТАР! Бүгін 22 :15-те 24KZ арнасында «Мұрат Әбеновпен Ашық әңгіме» атты жаңа авторлық бағдарлама эфирге шығады!

Соңғы 3-4 жылды бірнеше телеарналардан жеке телевизиялық жоба бастауға ұсыныстар түскен болатын. Міне енді сонын ұақыты келді. Бүгін24KZ арнасында «Мұрат Әбеновпен Ашық әңгіме» атты авторлық бағдарламамды көре аласыздар. Алғашқы қонақ қоғам қайраткері, белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин болса, бүгін «Жаңару» Жалпыұлттық сыбайластық жемқорлыққа қарсы қозғалыс төрағасының орынбасары Боран Рақымбековті ашық əңгімеге тартамын. Негізінен ‪#‎tv24kz‬ арнасы бағдарлама қонақтарына және қызықты тақырыптарды еркін таңдауға, сонымен қатар түсірү форматын әртүрлі нұсқада көрсетуге мүмкіндік берді. Бір ғана шектеу – эфир 10 минут, бірақта ең ыңғайлы ұақыт (прайм-тайм). Қысқы ауқытқа ұзақ әңгімені сиғызу қиын болды! Мысалы Ерлан Каринмен сұхбаттасқан 25 минуттан , эфирде тек 7 минуты қалды. Сол себептен қонақтын көптеген маңызды ойлары бағдарламаға кірмей қалғаны өкінішті. Алдағы уақытта осы мәселені ескеретін боламыз. Телеарнаның негізгі форматы жаңалық екенін ескерсек, эфирдегі уақыт шектеледі. Жылдамдықты соған келтірү қажет. Қысқа нұсқа әңгіме. Сондықтан достар, сіздерден тартымды ұсыныстар күтемін. Бағдарламаны әлеуметтік желілердегі талқыға салынатын өзекті тақырыптармен байланыстаруды да қарастырамыз. Әрине, шектен шығу және популизмға жол бермейміз. Бағдарламаны Астана және Алматы қалаларында жазуға техникалық мүмкіндіктер берілген. Егер тартымды әңгімелесуші болса, онда басқа да аймақтарға жол-сапарға шығуға дайынбыз.

Сондықтан достар біздің топқа сәттілік тілеңіздер және қатаң сынға алмаңыздар. Қөш жүре түзеледі!

Құрметпен, Мұрат Әбенов

PS. Бұл мен үшін тек қоса алып жүретін шығармашылық жобам. Негізгі қызметім және жұмыс орным (еңбек ақы алатын жер) сол қалпында қалады. Сонымен қатар, «Жаңару» жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалысында, «Қазақстан-2050» ЖҰҚ аясында «Серпін-2050» жобасын үйлестіру, ұлттық «Асық ату» федерациясының басшылығы қызметтерін атқарып және оларға қосымша Қызылорда облысының кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңестің Төрағасы жұмысын жалғастырамын.