Мұрат Әбенов: «Ақпарат бар жерде ұрлық азаяды»
Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов мырзамен сұхбатымыз ақпараттың ашық әрі көпшілікке ұғынықты болуы жөнінде өрбіді. «Мемлекеттік органдар халыққа аса қажетті мәліметтерді жария етпей отырады. Жұрттан жасырады. Міне, бұл — нағыз жемқорлық», — дейді депутат. —Елбасының биылғы дәстүрлі Жолдауында елімізге қатысты мәселенің бәрі терең әрі жан-жақты