Толық мәзір

Зейнетақы қорлары – «жинақтаушы ма», «жымқырушы ма»? Неге жылда жиналған қорлар 5% құнсызданады !

М.Әбенов : Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері туралы Мәжіліс отырысында Үкімет басшысына айтылған ұсыныс.

«Нұр Отан» партиясының халықтық тұғырнамасында сайлаушылардың алдында зейнетақы жүйесін жетілдіруге және қазіргі сәтте қолданыстағы ортақ, аралас және жинақтаушы жүйеге біріктіретін зейнетақымен қамсыздандырудың бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеуге міндеттеме алдық. Өйткені чилиялық деп атап жүрген зейнетақы реформасының моделі(нің) жүйелі түрде жаңылыса (жүйелі ақаулары шыға) бастады. Бұл проблема жөнінде Елбасы Н. Назарбаев өзінің 2012 жылғы Жолдауында да атап өткен болатын: «Салымшылар саны 8 миллион адамды құрайды. Жиналымдар көлемі 17 миллиард доллардан асады. Сонымен бірге, бүгінде са­лым­шылардың зейнетақы қорла­рының инвестициялық саясатына ықпал ету мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан да зейнетақы ауда­рымдарына «алымға» қарағандай қа­рау қалыптасқан. Ал жекелеген зейнетақы қор­ларының басшылығы оларды өзі­нікіндей көріп, көбіне-көп шы­ғын­дарын жабу арқылы акцио­нер­лер­дің мүдделеріне қызмет істейді. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп бірінші жартыжылдықтың со­ңы­на дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастыруы керек».

Бұл жағдай статистикалық көрсеткіштермен дәлелденеді. Мысалы, соңғы жылдары салымдар бойынша орташа алынған кіріс 5 пайызды құраса, осы кезеңде инфляция орташа 10 пайыз болды. Яғни жыл сайын зейнетақы жинақтары 5 пайызға құнсызданып тұр. Бұл әрине, «Бір адым алға, екі адым кейін» деп сипаттауға болатын, салымшылар үшін көңіл жұбатпайтын жағдай. Зейнетақы қорлары ең басты міндеті – «жинақтауды» орындамай отыр. Айтпақшы, Чилиде дағдарысқа дейін табыстылық 13 пайызды, дағдарыстан кейін 9 пайызды құрады, бұл орташа инфляциядан 3 пайыз жоғары. Ал, бізде серпін (динамика) жыл сайын нашарлап бара жатыр және оны жақсарту жолы көрінбейді (просвета не видно).

Сондықтан Елбасы Үкімет пен Ұлттық банкқа бірінші жартыжылдықтың соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастыру бойынша нақты тапсырма берілген болатын.

Бірақ, зейнетақы жүйесіне жан-жақты талдау жасап, жеке зейнетақы қорларының қызметіндегі ақауларды анықтап алу орнына Үкімет аңдысын аңдап отыр, ал Ұлттық банк жеңіл стратегия ұстанып отыр – ол әйел азаматтар үшін зейнетақы жасын ұлғайту. Бірақ бұл уәждер неге негізделген, қандай есептемелер жүргізілгені туралы – бір ауыз сөз жоқ.

Қарапайым сұрақтарға жауаптар да жоқ.

— зейнетақы жүйесіндегі қаржылық ақаулардың себептері қандай?

— әйелдер үшін зейнетақы жасын ұлғайтқан соң зейнетақы қорлары тиімді қызмет көрсетеді ме?

— әйелдерді қосымша жұмыс орындарымен қаматасыз етуге дайынбыз ба?

— елде жұмыссыздық қанша пайызға өседі?

Тұрғындармен кездесулер барысында олар тарапынан «әйелдердің зейнетақы жасын ұлғайту туралы Ұлттық банк басышылығының ұсынысы жинақталған зейнетақының жаппай төлеу мерзімін кейінге шегеру мен зейнетақы қорларын банкроттықтан сақтап қалу ниетінен туындаған жоқ па?» деген орынды сұрақтар қоюлуда. Өйткені болжалған зейнеткерлікке шығу жасын 5 жылға ұлғайту уақытша абыройды сақтап қалуға, ал Ұлттық банкқа апатты жағдайдын жоқ екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді.