Бүгін Халықаралық Ата-аналар Күні!
Бүгін Халықаралық Ата-аналар Күні!
Немереге- Атамыз, Балаға — Әкеміз, ал Анаға әлі Баламыз!
Балалардын бабасымыз — бабалардың баласымыз деген сөз осындайдан шыққан. Барлығы ретімен келетін жағдай! Марқум әкем «ең бастысы кезегі бұзылмасын» деп айтушы еді! Ата анамыз болмаса біз, бізден тұған бала немере қайдан келер еді! Сол себептен 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 1 маусымды дүние жүзілік Ата-аналар Күні деп жариялады. Өте дұрыс шешім деп есептеймін! Біздің сал дәстүрімізге сол жақындау сияқты — баламызбен қоса ата-анамызды айтуымыз керек.
Ата – ананың қадірін балалы болғанда білерсің » — деп атам қазақ біліп айтқан. Баласы үшін ата-аналар бармайтын құрбандық бар ма? Өз баласын бағып қағам, өсіремін, оқытамын, үйлендіремін, немереге қараймын деп өздерін ұмытып барлық күш жігерін бізге жұмсаған ата-аналарымызды әр кезде құрметтейміз!
Аман бол анашым! Ең бастысы денсаулық!
Асықпа, Әле көретін қызығың көп. Әкем солай тапсырып кеткенін… Ұмытпа..!