Толық мәзір

Енді «Қаржы Party», «Саяси Сараптама Party», «Интернеттегі сауда Party» секілді патилар жасау керек

Әне-міне дегенше жайбырақат жүретің кезең де өтіп кетті ! Геосаясат оятты, интеграция сілкіндірді … Сын сағаты басталды.

Дегенмен шүкір деуіміз керек! Егеменді еліміздің бейбіт шаңырағының астында 23 жасқа келдік — еркінсіндік , еркеледік , ержеттік ! Енді еліміздің экономикасын ( онымен қоса ішкі саясатын, ел тыныштығын) ашық бәсекелестікте қорғауға аттанатын уақыт келген сияқты …. 

«Жаужүрек мың бала» фильмінде Жоңғар шапқыншылығына қарсы шабуылға дайындалып Сартай батыр : «Біз жүз болсақ та, әрқайсымыз онға төтеп береміз, сондықтан біз мыңбыз» деген сөздері есте қалды. Казір қалай? Мен оңға қарсы болуға дайынбынба? Сен ше? Білек күшін сынайтын болсақ — оған батырларымыз жетеді.

Ал экономика саласында ше? Бизнес? Технология? Қаржы? Халықаралық сауда? Бұл жағына осалдаумыз. Мойындау керек. Осы кезеңдеде буындары қатып, Қазақ елінің экономикалық басекелестігін арттырамын нарығымызды қорғаумен шектелмеймін көрші елге басып кіремін деген өшпенділіктері артып жүрген сапалы тауар өндіріп сырттың нарығына сататын -Сартай, халықаралық денгейде Қаржыгер — Құралай, геосаясатта танымал Таймас сынды боздақ қыз-жігіттерді басқаларға үлгі қылып алға шығатын кезең келді. Қалғандары соларға ереді , електейді, үйренеді …

Ол үшін жаңаша әрекет жасау керек.

Біріктірe мүмкіншілігі мол жаңа бастамалар «Домбыра Party» «Асық Party» өзінің өте жоғары тиімділігін дәлелдеді. Бейресми, ашық, тегін қосымша қаржы талап етпейді … Әлдеде потенциалы мол! Енді оның жаңаша түрлерін пайдаланайық — мысалы Ербол бауырымыз «Қаржы Party» Жарқын «Саяси Сараптама Party» Садық «Интернеттегі сауда Party» басқалары «Экспорт жасау Party» «Бизнес бастау Party» «PR жасау Party» дегенді қолға алайық.
Жалпы әр қайсымыз бір біріміздің білімімізді, біліктілігімізді арттыруға атсалысуымыз керек. Онда ел үшін жасаған еңбек сырттан пішкен рейтинг арқылы емес — көпшілік үшін нақты атқарған іспен өлшенетін болады.

P.S. Тағы жаңа тұған мысал. Мына жазбамда келіп тұрған ойды тез жазғасын граматикалық, стилистикалық қате бар. Мойындаймын. Себебі орысша оқыдым — қазақшаға бәсекелестігім төмендеу  Үйреніп келемін. Дұрыстаймын. Дәл мендей, мененде нашар қазақша жазатын азаматтар бар. Осындайда білетіндер сын айтпай, шеттетпей оларды үйрету керек. Ол өз кезегінде өзінің білетінін сіздерге айтады. Сонда ғана бәріміз мықты боламыз.