Толық мәзір

«Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды»

10931125_10204645731318134_8886861829710297098_nКейбіреулер: «Шрафқа ақша жетпесе , онда неге машина алады? Бензинге ақша тапса — баларлардың креслосына неге ақшаны аяйды? » деп шын тағалатындар бар. Сондай комментерді оқып қазақтың «аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» деп дәл тауып айтқан сөздері еске түседі. Елімізде 3 млн адам өз өзіне жұмыс табуға мәжбүр екенін ұмытады. Жұмыссыздықтан шаршаған азаматтар ең болмаса автокөлікті кредитке алып, бензинге қарызданып, түнімен күнімен таксилетіп балаларына нан тауып беріп жүргендер бар екенін білмейді. Біреулер «Айфоннын кайсысын аламын, 5 па 6 ма? » деп тойып секіреді, басқасы » таксилетіп тапқаныма балаларыма нан аламын ба, жоқ кресло аламынба» деп тонып секіреді деген осы …
Менің бұгін дүнием түгел екен деп, аса елден алыстап кетпеген дұрыс ау .

PS Өз басымнан өткен нәрсе, Кеше ғана мектепте завуч, ГОРОНО кадыр бастығы , қала әкімшілігінің қызметкрі болғаннан кейін, 30 жасымда жұмыссыз қалып екі жыл Алматыда таксист болдым.