Толық мәзір

Жезқазған : Үміттерге толы қала!

 

ЖезказганКеше Сарыарқаның төрінде керемет күн орын алды. Бұл жерде түсті металлургияның ғана емес, сонымен қатар, көпұлтты, мәдениеті дамыған қала орналасқан. Сондықтан, менің іссапарымның негізгі мақсаты – «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!»‪#‎Серпін2050‬ жобасын жүзеге асыру үшін осы өңірмен кеңінен танысу болды.                                      Бірінші кездесу, Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі жалғыз жоғары оқу орны — О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде өтті. Кездесу оқу корпустарында экскурсиядан басталып, ол жақтағы материалдық-техникалық базамен, оқу-ғылыми зертханалармен, кафедралармен, оқу шеберханаларымен, кітапханалармен және де компьютерлік дәрісханалармен таныстым.  Айта кететін жайт, жоғарғы орны қазіргі таңда елімізге қажетті техникалық және педагогикалық мамандықтар бойынша білім беруды Одан кейінгі кездесу, университет студенттерімен және профессорлық-оқытушылық құраммен әңгімелесуге мүмкіндік болған жоғары оқу орынның мәжіліс залындағы кездесумен ұласты. Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, т.ғ.д., профессор, жоғары оқу орнының ректоры — Такишев Әбділмәлік Арынұлы университеттің құрылуы және тарихы туралы кино көрсетілімін ұйымдастырып, ал студенттер өзінің талантын көрсету мақсатында шығармашылық нөмірлер ұсынды.   Әрине, мен университеттің ұжымымен әлеуметтік жобаның жүзеге асырылуы, кезеңі және де жаңа жоспарларымен бөлістім. Осы ретте, Жобаның жүзеге асырылуына жоғары оқу орнының белсене атсалысуға дайындығы қуантарлық жағдай.                                                                                    Екінші кездесу, индустриалдық-гуманитарлық колледждінің ұжымымен болды. Айта кету керек, білім ордасының материалдық-техникалық базасы мықты, оқытушылар құрамының жоғары деңгейі және заманауи ағымда сұранысқа ие қажетті мамандықтар бойынша, тек қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде де дәріс берілетіндері көңілге қуаныш ұялатты. Жоғарыдағы көрсеткіштер арнайы грант иегерлерінің толық түрде білім алуларына жол ашатын қайнар көзі.  Сарыарқаның ортасында орналасқан, Жезқазған қаласындағы №7 орта мектепке кездесуімізді жалғастырдық. Себебі, аталмыш мектеп көрнекті ғалым, геолог, ірі ғылымға жол салған Жезқазғанның атын әлемге паш еткен — Сәтпаев Қаныш Имантайұлы атындағы орта мектеп екен. Білім ордасында көрнекті ғалымның өмірі мен қызмет жолына арналған оқушыларға таптырмайтын мол қазына тәлім-тәрбие беретін мұражай орналасқан.  Оқушылар кіндік қандары тамған туған жерлері бойынша азғантай сахналық көрініс дайындап, өздерінің және келген қонақтардың жүрегіне еліне, жеріне деген патриоттық, сүйіспеншілік рух сезімдерін ұялата білді.                                                                                                                  Сонымен, Жезқазған жерінің кең ауасын жұтып, күннің қалай тез өтіп кеткенін де байқамай қалыппыз. Кездесу соңы, әсем жердегі фотосуреттер сессиясымен аяқталды. Келесі кездескенше, жалынды жастардың мекені!