Толық мәзір

ЖЕНІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

«Тайбұрыл» қорының «Айлық шәкіртақы» бағдарламасы бойынша комиссия отырысы бойынша ақпарат.
Комиссия құрамы:
1. Мурат Абенов, Комиссия төрағасы («ӨРЛЕУ» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығының АҚ директорлар кеңесінің төрағасы)
2. Айбек Алдабергенов («Алаш Медиа Групп» медиахолдингтің өкілі)
3. Алим Есетов («Актюбинский комбинат нерудных материалов» ЖШС бас директоры)
4. Меруерт Цхай («Kaspi Bank» АҚ Астана қаласының филиалдың директоры)
5. Думан Кожахметов (Black&White Group медиакомпанияның бас серіктесі).

Демалыс күні, 1 ақпанда отырыс өткіздік. Конкурс жарияланғаннан кейін барлығы 1980 өтінім келіп түсті. Олардың 1271 талапқа сәйкес болып табылып, конкурсқа қатыстырылды. Бір орынға бес үміткерден келді. Отырыс 8 сағатқа созылды. Нәтижесінде 252 студентке айына (5 айға) 30 мың теңге көлемінде қосымша қаржылық қолдау көрсету шешім қабылдадық. ЖЕНІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫН! Сайысқа 40 ЖОО-ның студенттері қатысып, 26 ЖОО студенттері жеңімпаз болды, ең көп жеңімпаз студенттер Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен (105 студент), Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінен (41 студент), Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Агротехникалық Университетінен (17 студент) және Nazarbayev University (12 студент). Толық ақпарат қор сайтында http://taiburyl.kz

Комиссия атынан жастарды қолдап осы бағдарламаға демеуші болған АО «Kaspi Bank» басшылығына ( 100 шәкіртақы бөлді) және АО «VISOR Holding»-тің директорлар кеңесінің төрағасы Айдан Кәрібжановке ( 120 шәкіртақы бөлді) шын алғысымызды айтамыз!