«Жастар және дін» өткізілген іс-шара
Астана. «Жастар және дін» деп аталатын іс-шараға қатысып келдім. Іс-шараның тақырыбы жолсыз соқпаққа апарып, адастыратын соқыр сенімге құрылған догмаларды емес, діннің шынайылығын тану аса маңызды болмақ… Ең бастысы, білім нәрін жүректің терең түкпірімен бойға сіңіріп, ақыл таразысынан елеп-екшеген абзал. Қоғамымызда өзгеру #трансформация туралы сөз қозғалғанда, бірінші кезекте, бұл дәнектердің жастарымыздың жүректерінде тамыр жайып, жайқалуына баса көңіл бөлу қажет. Сонда ғана жасанды догмалардың қай-қайсысы болмасын біз үшін қорқыныш сезімін тудырмайтын болады.