Толық мәзір

Заңды білмейтін шенеуніктер халықтың тағдырын шешпеуі керек

3f2d7d20ebdd79c39ddf3e724ae88bdaМемлекеттік қызметке үміттенген талапкерлердің заңдарды білуін анықтайтын тестілеудің дәрежесін төмендету сыбайластыққа апарып соқтырады деп есептейді сыбайласқан жемқорлыққа қарсы «Жаңару» қоғамдық қозғалысының төраға орынбасары Мұрат Әбенов.

– Бұған дейін тестілеуді мүлдем алып тастау туралы айтылса, енді «А» корпусына қабылдаған кезде шенеуніктердің заңдарды білуін аны

қтайтын тестілеу қорытындысын комиссия шешім шығаратын кезде ғана ескеру керектігі көтері

луде. Мемлекеттік қызмет және сыбайласқан жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұсынысына қалай қарайсыз?

– Мемлекеттік қызметке өтерде азаматтардың

негізгі заңдар бойынша білімін тексеру – дүниежүзілік тәжірибе. Сонымен бірге, іріктеу мен таңдауды шатастырмау керек. Дамыған елдердің тәжірибесі бойынша, мемлекеттік қызметке қабылдауда іріктеу – бірінші саты, оны тәуелсіз орталықтар өткізеді, ал таңдау – екінші саты, қызметке лайықты азаматты әңгімелесу арқылы бос лауазымы бар мекеме комиссиясы анықтайды. Бұл жүйе сапалы таңдау жасаумен қатар, сыбайластықты болдырмауды көздейді. Тест орталығы алдымен мемлекеттік қызметке үміткерлердің білімін тексереді, тест нәтижесі әр лауазым бойынша бөлек белгіленген межеден төмен емес болған жағдайда, олар әрі қарай комиссия өткізетін әңгімелесу сатысына қатысады. Яғни тек іріктеуден өткен талапкерлер арасынан лауазымға лайық қызметкерлер таңдап алынады. Бұл – байқауға қатысушылар үшін өте әділ және қоғамға қажет талап. Мұндай жағдайда қоғамның мүддесі азаматты

ң жеке мүддесінен жоғары тұрады. Себебі мемлекеттік қызметтің ең негізгі міндеті – халыққа сапалы қызмет көрсету. Заңдарды білмейтін шенеуніктер адамдардың тағдырын шешпеуі тиіс. Әсіресе, қала, аудан әкімдері, орталық деңгейдегі комитет басшылары кіретін «А» корпусы бойынша бұл талап қатаң бақылауда болуы керек. Олардың жіберген қатесі көпшілікке көп зиян әкелуі мүмкін. Талапкер комиссия мүшелеріне жақсы көрініп, әдемі сөйлеуі, бұрынғы қызметтегі өтілі керемет болуы мүмкін. Бірақ білім жетіспейді.

– Жалпы, тестілеу сынағы өзгеріссіз қалдырылған күннің өзінде, оның әділдігіне сенім бар ма?

– Менің өз басымнан өткен нәрсе: 2000 жылы елімізде мемлекеттік қызметте жүйелі реформалар басталып, соның негізінде конкурстық іріктеу енгізілді. Ең бірінші болып Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстар бойынша аумақтық басқарма жетекшісі лауазымына конкурс жарияланды. Мен сол жаңадан басталған «тұсаукесер» байқауға қатыстым. Сол кезде «бәрі алдын ала шешіліп қойылған» деген күмән көп айтылатын. Маған да: «Әділ өтетініне сенесің

бе? Сенен мықтылар бара жатыр» деп тоқтатқандар болды. Өйткені құжат тапсырған алты үміткер арасындағы ең жасы, қызметтік дәрежесі төмендеу, тәжірибесі аздауы, танымалдығы жоғы мен болдым. Бірақ заңдар бойынша білімді тексеретін тестілеуден бес адам өте алмай қалды. Мен жүз сауалдың барлығына дұрыс жауап бердім. Танысы да, ақшасы да жоқ, әкімшілікте төменгі лауазымда қызмет атқарып келген менің басқарма басшысы қызметіне өткенімде көп адам таңғалды. Ал алдымен әңгімелесу болса, мен сияқты жастар өтуі екіталай еді. Сол кезде мем­лекеттік қызмет саласындағы рефор­маларға, білім арқылы алға жылжуға болатындығына сенім пайда болды. Кейін сол сенімге сүйеніп, департамент басшысы, облыс әкімі орынбасары, вице-министр, екі мәрте Парламент депутаты қызметтерін атқардым.

– Егер мемлекеттік қызметкерлерді тестілеу арқылы іріктеу он бес жыл бұрын енгізілсе, неліктен оның тиімділігі туралы дәл қазір ойлануда? 

– Сол 2000 жылдан бері тестілеуге 600 мың азамат қатысқан екен. Қарсылық танытқандар болды, кейін үйренді. Тест қағаздан басталып, компьютерге көшірілді. Барлығын видео арқылы бір ортадан бақылайтын жүйе орнатылды. Сол тестілеуді енгізгеннен кейін Қаза

қстанда мемлекеттік қызметке барғысы келетіндер саны екі есеге артқан. Өйткені ашық сынақ бәсекелестікке қабілеттілікті арттырады, көпшілікке бірдей мүмкіншілік береді. Ал әділ әрі ашық іріктеу мемлекеттік қызметке сапалы кадрларды тартады.

Казір тестілеуге қатысқан үміткер­лердің 30-40 пайызы сынақтан сүрінбей өтетін болды. Бұл қазіргі іріктеудің қатаң екен­дігін, сыбайлас жемқорлықтың жоқ­тығын, талаптың бәріне тең екендігін көрсетеді.

Тестілеуді сынау 2013 жылы «А» бас­қарушы корпусына кіретін лауазым ие­леріне алғаш байқау өткізілгеннен кейін басталды. Сол кезде 56 аудан және қала әкімдері тестілеуден өте алмай қалды. Олар тәжірибелі, беделді, өмір көрген азаматтар болғанымен, заңдарды білмейтіндіктері анықталды. Олардың бұрынғыдай басшы­лықта қалуларын қалайтын облыс әкімдері мен министрлер «әттеген-ай» десті. Сол кезде «тестілеу дұрыс емес-ау» деген пікір де пайда болды. 2000 жылдан бері мем­лекеттік қызметкерлерді тестілеуден өткізуге қарсы уәж айтылмаған. Өйткені аудан, қала әкімдері, жауапты хатшылар, комитет төрағалары қызметтеріне та­ғайындалуы үшін ондай сынақтардан өтпейтін. Олардың 2013 жылы заңды білуі тексеріле бастағаннан кейін, тестілеуге қатысты

сын да көбейді. Ал қоғам үшін әкімдердің осындай сынықтан өткені дұрыс, себебі бізде әлі тікелей сайлау қа­растырылмаған, осындай ашық тәуелсіз бағалаудан кейін ең болмағанда біліктілік денгейі анықталатын болады.

– Бірнеше заңды жаттап алу біліктілік көрінісі бола ала ма?

– Заңдарды 100 пайыз біліп, жаттап алу қажет емес. Жауаптардың 4 нұсқасы беріледі. Соның арасынан талапкер біреуін таңдап алуы тиіс. Яғни дұрыс жауапқа ақылмен, қисынмен де жетуге болады. Бірақ соның өзін тапсыра алмаған бас­шылар бар.

– Бірақ «басқару саласында қабілеті, тәжірибесі бар құнды мамандардың» тесті­леуден өте алмай қалғандары қынжылыспен айтылуда… 

– Біліктілігі төмен, заңдардан бейхабар «құнды» мамандар «басқарып жіберген» кездегі қателерін ұзақ түзеуге тура келетін шығар. Мәселен, білімі жоқ дәрігерден ем алуға, білімі таяз ұстазға баланы беруге, білімсіз автокөлік жүргізушінің көлігіне отыруға қорқамыз. Ал заңды білмейтін әкімдерге қалай қоғамды басқартамыз?!

Жалпы, мемлекеттік қызметте әмбебап басқарушылардың уақыты өтуде. Енді басқару саласына жаңа талаптарға сай топ менеджерлер, тек еліміздегі емес, халық­аралық заңды, нарық экономикасының талаптарын, жаңа ақпараттық техноло­гияларды жақсы білетін білімді азаматтар қажет. 1998 жылы реформалар кезінде жарияланған меритократия бойынша, әр адам тек жеке қабілеті арқылы, қағидаттары мемлекеттік қызметтің түп қазығы ретінде қалуы тиіс. Өз басшысының емес, мемле­кеттің мүддесін жоғары қоятын азаматтарды мемлекеттік қызметке тартамыз, жем­қорлықты азайтамыз десек, онда ашық конкурсты сақтап, барлығына тең жағдай жасап, тестілеу, тәуелсіз бағалаудың дә­режесін күшейткен абзал.

 – Әңгімелесу тәсілімен талапкерлердің қабілеттерін анықтау мүмкін бе?

– Әзірге әңгімелесу арқылы біліктілікті анықтау жаңа әдіс

темесі бізде жоқ. Басқа мемлекеттегі осы бағыттағы соңғы жетіс­тіктерін әкеліп, біздің жағдайға сәйкес­тендіріп, қазақ тіліне аудару үшін уақыт керек. Комиссия құрамында арнайы мамандар, мәселен, психологтар емес, қарапайым шенеуніктер отырады. Ал олар адаммен бір әңгімелескеннен оған толық объективті баға беретіндігіне күмәнім бар. Қайта бұл кезеңде ең мықты мамандарды құлатып, комиссия мүшелерінің өздеріне ыңғайлы адамдарын өткізуіне мүмкіндік мол. Мәселен, 10 талапкердің 7-ін құлатып жібереді де, өздеріне қажетті үш адамды қал­дыра салады. Оған шағымдана алмай­сың. Осының салдарынан сапасыз кадр­лардың шығуына, сыбайлас жемқорлыққа жол беріледі. Сондықтан заңдарды білу бойынша тестілеудің дәрежесін т

өмендетіп, оның нәтижесін тек комиссия шешім шығаратын кезде ескеру – кері шегініс. Осы жылдарғы барлық жетістігімізден айырыламыз демесек, бір топ шенеунiк үшін жүйені бұзбау керек.

– Мұндай өзгерістің салдары қандай болуы мүмкін?

– Мемлекеттік қызметке қызығушылық азайып, сыбайлас жемқорлық көбейеді. Қазір байқағаным: халық құқықтық жағынан сауатты болып келеді, заңдар, үкімет шешімдеріне сын көзбен қарай алады. Ал соңғы кезде мемлекеттік орган­дардағы азаматтардың сауатсыздығынан кейбір заңдар кері қайтарылып, қоғамда дау-дамай туғызуда. Мысалы, жол ере­жесіне қатысты. Алдағы уақытта халықтың талабы күшейе береді. Саяси қоғамдық белсенділік арта түседі. Сондықтан билікке бірінші кезекте заңды жетік білетін, сауатты, көзі ашық, бір топқа тәуелді емес, мемлекетшіл таза азаматтар қажет.