Сыр елінің серпілісі Ұлыбританияға жетті!
Лондон. Хитроу әуежайында жақсы ырым болатындай кездесу. Алматыға ұшар алдында ерекше құрметтейтін баурым, еліміздің жаста болса да білікті әкімін Нәлібаев Нұрлыбекпен ойда жоқ жерде кездестім. Бұл азамат кəзір Қызылорда қаласының атқарушы билігін басқарады. Қуанышы кеудесине симай тұр екен. Себебі дəл осы күндері Лондонда Көшербаев Қырымбек бастаған Қызылорда облысының делегациясы Еуропа қайта құру дамыту банкі мен бірлесіп 60 млрд теңге шамасындағы соммаға инфрақұрылымдық жобалардың іске асыруына келісімге қол қойылыпты. Сонымен қатар, облыс орталығындағы коммуналды салаларының үлкен жобаларына да келісім жасалған. Құттықтаймын! Жерлестерім үшін қуаныштымын! Әзірге осындай келісім жасаған жалғыз облыс — Қызылорда болып тұр. Дəл казіргі кезде Сыр елін басқаруда ерекше серпін сезіледі. Проблемасы көп өңірге нағыз патриот азаматтар билікке келді деп бүкіл ел қуанып жатыр. Қосыламын!