Толық мәзір

«Шамамен» жасалған заң шамасыз болды!!! БҮГІН 23.00-ДЕ «ЖЕКПЕ-ЖЕК»

10934376_10204600404784999_147307772_nІІМ сапасы төмен заң жобаларын жасайтыны себебі түсінікті болды. «Жекпе-жек» бағдарламасының түсірілімінде олардың мамандарының деңгейін байқадық. Бағдарламаға келген қызметкері өзі авто орындықтардың стандарттарын және мінездемелерін білмейді. Полиция полковнигі, «АТАЛМЫШ СТАНДАРТТАР ӘЛІ ШЫҚҚАН ЖОҚ» — ДЕП ЖАУАП БЕРДІ. Осыдан екі жыл бұрын 2012 жылы Қазақстанда СТ ҚР 41.44-2012 «Балаларға арналған ұстап тұратын құрал стандарты қабылданғанын білмейтіні анықталлы.
СОНДА ЗАҢДЫ «ШАМАЛАП» ЖАСАҒАН БА? ОНДА «ШАМАСЫЗ» БОЛУ СЕБЕБІ СОЛ ШЫҒАР!
Шын мәнінде осы стандарттың ішінде тұрғындарды толғандыратын көптеген мәселелердің жауаптары жатыр. Өйткені сатылымға шыққан тауарлардың 90%-ның сертификаттары жоқ, яғни ПАЙДАЛАНУҒА БОЛМАЙДЫ! Олар әр өнімде арнайы «САРЫ БЕЛГІ» болу керегін білмейді. Елімізге кіргізілген барлық авто орындықтарда жергілікті сертификат болуы керек. Мысалы біздің полиция басшылары жарнамалап жүрген Құрылғы (ФЭСТ түрі) Еуропада краш сынағын өтпеуіне байланысты қолдануға тиым салынған. Олар тек пайдасыз ғана емес — ҚАУІПТІ! Мүмкін олардың жеке қызығушылығы бар шығар деген ой келеді? Стандарт талабы бойынша тек жергілікті сертификаты бар (олардың айырмашылығы мәтін қазақ тілінде көрсетілген) тауарды сатып алу қажет. Қалғандарының бәрі талаптарға сай емес.

Мені таң қалдырғаны, осындай қоғамдағы қатаң сыннан кейін ІІМ-гі балалардың авто орындықтары туралы бағдарламаға дайындалмаған маманды жібергені… Қойылған сұрақтардың көбіне жауап ала алмадым. Сұрақтарым жай емес, оларға аталмыш заң жобасын дайындау кезінде жауап беру керек еді. Мысалы полиция қызметкері балалардың қатысуымен нақты орындықтың жоқтығынан жол апаттары жайлы статистика жүргізілмегендігін мойындады. Қанша автокөліктер балалар авто орындықтарымен жабдықталғаны туралы нақты мәліметтері жоқ. Тұрғындардың аталмыш норманы орындауға қанша қаражат жұмсайтынын білмейді. Елімізде қанша таксистер, олардың қаншасы табысынан және қандай соммадан айырылды. ҚР соңғы жылы ресми түрде 40 мыңға жуық ғана (бір сарапшы санын айтты) авто орындықтар кіргізілді, ал елімізде 12 жасқа дейінгі миллиондаған бала бар. Қысқа мерзімде бұндай көлемді сұранысты қамтамасыз ету мүмкін емес.

Бағдарлама қорытындысы бойынша, Парламент депутаты және ІІМ полковнигі аталмыш іске асырылып жатқан заң нормаларын уақытша тежей тұрумен келісті. Солай боларына сенім мол. Креслоға қарсы емеспін, ең бастысы, олардың сапалы түрімен қамтамасыз етуді және сатып алуға қосымша уақыт беруін сұраймыз.

Ең орындысы осы уақыт аралығында жергілікті бизнес өкілдеріне өз елімізде өнімді шығаруға мүмкіндік беру. Неліктен біз миллиард долларды Қытайға беруіміз керек?…

Жалпы алғанда, «ХАБАР» телеарнасы осындай маңызды бағдарламалар жасай бастағаны көңілге жағады.