Мұрат Әбенов: #Serpin2050 Жастарға Жақсы Жаңалық!
Серпін -2050 әлеуметтік жобасы қарқын алуда. Кеше қасиетті Кереку Баян жерінің төрінде орналасқан Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтта ақ түйенің қарны жарылған күн деп айтуға болады. Себебі, жастардың жарқын болашағы үшін студенттер жағдайын жақсарту мақсатында 500 орынға арналған зәулім студенттік үйдің ( жатақхана) ресми түрде тұсау кесер мерекелік іс шарасы өтті. Аталмыш институтта 150 Серпін-2050 студенттері де білім алуда. Студенттер, егеменді еліміздің болашақ жастары қоныстарыңыз құтты болсын!
Естеріңізге салайын биыл Серпін жобасы бойынша 6200 грант бөлінеді!