Сайлау туралы ой
Сыртқы факторлардың әсерлеріне қарамай еліміздің экономикасы мен, қоғамдық–саяси тұрақтылығы мемлекеттің қатаң бақылауда тұрғанын байқадық. Дегенмен әлемдік экономикадағы және геосаясаттағы кері әсер тигізетін жаһандық үрдістерден тыс қала алмаймыз. Бұлардың өзі уақытша құбылыс емес. Алдағы уақытта барлық елдерге осыны ескеріп өмір сүруге тура келеді. Демек, осы күнге дейінгі тұрақты қалыптасқан, бірақ ескірген әдістер, уақыты өткен көзқарастар, қазіргі қарқынды өзгеріп жатқан кезеңге сәйкес келмейді. Дер кезінде жаңаша әрекет етуді бастамаған мемлекеттер — уақытты жоғалтып, сол арқылы бәсекегеқабілеттіліктігін төмендетеді.
Түбігейлі шешімдер қабылдай уақыт келді.
Біздің еліміз оңай жолдар іздемей, жағдайдың өзінен –өзі шешіледі деп күтпей, батыл іс-қимыл жасауға кірісіп кетті. Осы жылдан бастап ұзақмерзімді, кеңауқымды экономикаға серпіліс беретін бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бірақ олардың оң нәтижелерге қол жеткізудің негізгі талабы — мемлекет, өндіріс саласы (бизнес) және халықтың тығыз бірлесіп іс-әрекет етуі қажет. Ал егер біз сайлауды қалыпты мерзімде өткізуге қалдырсақ — бұл біріккен іс қимылдың бастауды қолдан шегерілуі, ресурстарды жан жаққа шашып, тиімсіз пайдалану болып табылады. Керісінше, егер біз сайлауды қазір өткізсек – ол бізге экономикалық және саяси үрдістерді бірдей қарқынмен бастап жүргізуге мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей біздің елімізде Мемлекет басшысын сайлау кезеңінің халықты біріктіретін ерекше әсері бар. Өйткені белсенді үгіт-насихат жұмыстар қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік және саяси топтарды ортақ мақсатқа жұмылдырады. Сонымен қатар, қазіргі таңда еліміздің жан-жағында әртүрлі векторлы геосаяси күштердің қысқа мерзімге болса да, аз-кем тепе-теңдігі орнады. Дәл осы сәтті біз пайдалануымыз қажет…
Қазақстандықтар аса жауапты таңдау алдында тұр.
Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерімізді сақтап қалғымыз ғана келсе, онда қалыпты күнкөрістен артыққа ұмтылуға батылдығымыз жетпейтіндігін мойындағанымыз. Егер өркендеуді таңдасақ – онда қарқынды жоғалтпай, сайлауды қазір өткізу қажет. Әрине біздің таңдаған жолымыз басқа мемлекеттерге ұқсамай, қалыпты стандарттарға сәйкес келмеуі мүмкін. Бірақ басқалардың салған жолымен жүрген мемлекеттер ұлы елдер қатарынан сирек көрінеді.
Жанымыздан қиқулап шауып өткен өздеріне ғана лайық ұтымды жолын таңдап, қарқынды дамыған елдердің ізін басамыз деп , қою шаңын жұтып, сол шаңды ғана бағытқа алып, адасып қалмайық.