Мұрат Әбенов: Жастарға арналған «СЕРПІН-2050″ бағдарламасы аясында
Құрметті, оқырман өткен жылдан бері елімізде «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы іске асырыла бастады. Жоба бойынша 2014-2015 оқу жылында Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарынан еліміздің 8 өңіріне 2 мыңнан астам жастар оқуға барған болатын. Биыл бұл жоба бойынша жастарды қабылдайтын обылстардың саны 9-ға жетті. Ал, бөлінген жалпы грант саны 6200 болып отыр. Осылайша, қазақ жастары Атамекеннің шығыс, теріскей, орталық, батыс өңірлеріне барып, түрлі кәсіп игеруге кіріспек. Алғашқы түлектер Рудный сынды қалаларда қалып, жұмыс та істей бастады. Бұл өз кезегінде Қазақ елінің дамуына септігін тигізетін, елге қажет мамандарды молынан даярлауға септігін тигізері сөзсіз. Бастысы заманауи әрі сұранысқа ие мамандықтарды алаштың балалары игеріп жатыр. Жобаның ел үшін тигізер пайдасы осы болмақ. Осы орайда «Серпін-2050» жобасына қатысты жастардың көкейінде түрлі сауалдардың болуы заңдылық. Біз сол сауалдарға толық жауап беру үшін жобаның Республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбеновті «Қамшы» порталында интернет-конференцияның қонағы болуға шақырдық. Сауалдарыңызды жолдай беріңіздер.