Мұрат Әбенов: Тараз қаласында «Серпін-2050″ ақпараттық түсіндірме жұмыстарын атқарып жатырмыз
Бүгін Тараз қаласында Серпін2050 әлеуметтік жобасын жергілікті халыққа, мектеп бітіруші түлектерге ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу жұмысы жалғасын табуда. Кездесудің бастауы Жамбыл политехникалык колледжде өтті. Айта кету керек, жобаға қатысушы колледжде білім алғылары келетін түлектерге аталмыш колледжде құжаттарды қабылдау комиссиясы орналасқанын хабардар етемін. Кездесу Жамбыл облысында орналасқан шалғай ауылдарынан мектеп бітіруші түлектер және олардың ата-аналары қатысты. Серпіннің арнайы грант иегері атануға түлектер өз белсенділіктерін танытып, өзекті сұрақтарға жауап алды. Осындай үлкен ісшараны ұйымдастыруға мұрындық болып отырған Жамбыл облысының әкіміне және облыстық білім басқармасына алғысым шексіз. Биыл Серпін жобасына республикадан 6200 грант бөлініп отыр. Оның ішінде 5000 гранты жоо-на, 1200 гранты