Толық мәзір

Мұрат Әбенов: Тағы да іс-сапарға аттандық Астана — Ақтау Серпiн2050‬

 

1908150_10205790674621001_7782852170599825618_nТағы да іс-сапарға аттандық. Осы жолы Пір Бекеттің мекені болған, тарихы тұңғиық Маңғыстау өңіріне жол тарттық. Мақсатымыз–«Серпін-2050» әлеуметтік жобасын насихаттау, бұқараны жобаның жөн-жосығымен таныстыру. Осылайша жобаны насихаттауға бағытталған іс-сапарларымыздың бірінші айналымы аяқталмақ. Бұдан бұрын Қызылорда, ОҚО, Жамбыл және Алматы облыстарына ат басын тірегенбіз. Нәтиже жаман емес. «Серпінге» қатысуға ниет білдіріп жатқан азаматтардың қарасы қалың қазір. Олардың қатарын маңғыстаулықтар толықтырса, тіптен қуанамыз біз. Ал, іс-сапар жоспарына келсек…
Ертең Маңғыстау облысының басшылығымен кездесуден бастаймыз жұмысымызды. Одан соң сағат 10.00 де жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз мәслихатын өткіземіз. Ал, сағат 11.30 да «Қазақстан-Ақтау» телеарнасына сұхбат береміз. Түстен кейін «Серпін-2050» жобасы аясында құрылған облыстық штаб, жұмыс тобы мүшелерімен кездесу өткізбекпіз. Кейінірек, сағат 15.00-де Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде талапкер жастармен кездесу ұйымдастырмақпыз. Кездесуден соң қоғамдық қабылдау ұйымдастырамыз. КЕЛІҢІЗДЕР! Сауалдарыңызға жауап береміз.
P.S: Айтпақшы, «Серпін» жобасынан насихаттаудан бөлек, қоғамдық міндет те арқаладым мен Ертең Ақтауда «Асық-party» өткізетін болдық. Бұл да Сіздер үшін қызықты болары сөзсіз.