Толық мәзір

Мұрат Әбенов: «Серпін-2050» гранты үш есе көбейді

Serpin-2050«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша бөлінетін грант саны биыл 3 есеге көбейді. Бұл туралы ОҚО әкімдігі «Оңтүстік» ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәслихатында бағдарламаны үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов хабарлады.

Мұрат Әбеновтің айтуынша, былтыр «Серпін-2050» бағдарламасының аясында 2050 адам 7 университет пен 25 колледжге қабылданса, биыл грант 6200-ге жеткен. Студенттер 19 ЖОО мен 47 колледжде 120-дан астам мамандықта білім алады.

– Серпiн – 2050» бағдарламасы жастар үшiн керемет мүмкiндiк. Бiрiншiден, ҰБТ-дан төмен балл алып қалсаңыз да, грантқа ие боласыз. Әр студентке үш мезгiл тамақ, киiм берiлiп, ай сайын стипендия төленедi. Жатақхана тегiн. Бiз солтүстiк облыстарда бiлiм алып жүрген студенттерiмiздiң барлық жағдайын жасаймыз. Бiлiм алуы, сол өңiрлерге үйренiп, жаңа ортаға бейiмделуiне көмектесемiз. Қандай мәселе туындаса да әрдайым көмектесiп тұрамыз. Байланыстамыз. «В контакте» әлеуметтiк желiсiнде арнайы парақшамыз бар. 87015152050 нөмiрi арқылы да студенттерiмiз бiзбен тiкелей байланысқа шыға алады,– дейді ол.

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша құжат тапсыру, мамандық таңдау, оқу орындары туралы барлық мағлұматтарды арнайы әзiрленген «Serpin – 2050. кz» сайтынан бiлуге болады.