Мұрат Әбенов: Ресейлік Life News интернет-басылымның жабылуын талап етеміз!
Ағайын айдың-күннің аманында мемлекетіміздің рәміздерін қорлап, улттық намысымызды таптап, дос мемлекетерімен армызға от салып жатса да үнсіз отыра беретін болдық па осы? Мемлекет мүддесін қорғауға міндетті органдар қалай шыдап отырғандарын білмеймін, бірақ бұл менің, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫ ретінде намысыма тиіп отыр. Ал Сіздің ше?
Ресейлік Life News интернет-басылым өздерінің әлеуметтік желілердегіресми парақшасына біздің елді масқаралауымен аты шыққан «Борат» фильміндегі Қазақстанның «әнұранын» деп Украина президенті Петр Порошенкоға айтуға сыртынан «мәжбүрлеген» сайқы мазақ бейне ролик жариялады. Яғни бейнежазбаның үстіне мантаждап басқа дауыс салу арқылы достам мемлекеттің басшысын бізге қарсы айдап салып отыр. Мемлетіміздің рәміздерін мазақ қылғызып, мемлекеттік , ұлтаралық қарым-қатынасқа сызат түсіріп жатырғанда Заң бойынша МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР Life News сайтын Қазақстан Республикасы аумағында жабуы тиіс. Сот өткізілгенше, біржақты түрде сайтқа кірүге шектеу қою керек. Техникалық тұрғыда бұл бес минуттық жұмыс. Қазақстан үшін ар-намысқа тиетін, елдің беделіне нұқсан келтіретін видеоны өшіріп, бізден кешірім сұрауын талап етуі қажет. Бізде Заң бойынша мұндай құқымыз бар. Интернет желісі арқылы Мемлекетімізді ашық масқаралаушыларға қарсы Бас прокуратура не себепті үн қатпайтындығын түсінбеймін. Электронды БАҚ-қа мониторинг жасап, қажет кезінде шара қолдану бастамасын көтеруге тиіс Арнайы мемлекеттік органдарындағы шенеуніктерді де жауапкершілікке тарту керек. Біздің заңдардың бұзылып жатқандығын көре тұра әрекет жасамай отырғандығын ресми түрде мойындаулары қажет. Біз бұл ережелер мен заңдарды тек өз адамдарымызды жазалау үшін ғана қабылдағанымыз жоқпыз. Дос болып отырған елге «тентегіңді тый» деп айтуға қаухарымыз жетіспей ма? Бұндай да үн шығармасақ басқа қай кезде тіл қатамыз? !
Өз басым, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде елімнің намысын аяққа таптағандарды орнына қоюды талап етемін!
Егер қажет болса, ресми мәлімдеме жасауға әзірмін!
Қолдаймын дегендер болса ресми хатқа ( дайындалуда ) қосылуларыңызға болады.