Мұрат Әбенов: Маңғыстау облысында «Серпін» бағдарламасы бойынша түлектермен кездесу
#Ақтау Маңғыстау облысына келудің негізгі мақсатымыздың бірі- «Серпін» бағдарламасы бойынша тұрғындармен, яғни ата-аналармен, түлектермен кездесіп, «Серпіннің» мақсаты мен міндеттерін толық түсіне алмай жүрген жұртшылыққа жеткізу.Соның айғағы ретінде, бүгін Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде тұрғындармен кездесу өтті. Кездесуде ата-аналар және түлектер көптеген сұрақтар қойып, көкейтесті сұрақтарына жауап ала білді деген сенімдемін.
Қала тұрғындарымен кездесуден кейін, азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды. Жеке қабылдауда ата-аналар, түлектер көп жиналды. Тың сұрақтар қойылды. Сұрақтарына нақты жауаптар бердік деген үміттемін.
«Еліміздің болашағы-жастарда»-демекші, дұрыс таңдау жасап, егеменді еліміздің туын желбірететін сіздерсіздер, жас түлек! Сәт сапар!