Мұрат Әбенов: Іс-сапарларымыз жалғасып жатыр
Астана — Алматы — Талдықорған — Сарқан — Талдықорған -Алматы — Астана! Іс-сапарларымыз жалғасып жатыр. Соңғы бір айда біздің ел ішінде де, шетелдерде де сапарларымыз аз болмаған сияқты. Әрине ең негізгісі , «Серпін-2050 жобасы бойынша үгіт-насихат жүргізу мақсатында еліміздің біраз өңірін аралау. Бұл сапарлар әлі де жалғаспақ. Өйткені, біз араламаған өңірлер әлі ,fh. Бұйыртса, бүгін Астандан, Алматы арқылы Алматы облысын бетке алмақпыз. Шілденің 4-5 күндері «Серпін-2050» әлеуметтік жобасын насихаттау үшін бірқатар шаралар ұйымдастырамыз. Алдымен, Алматы облысының басшылығымен кездесеміз. Одан соң 4 шілде күні таңертеңгі сағат 10.00-де Талдықорған қаласындағы №25 орта мектептің акт залында мектеп түлектермен, колледж бітірушілермен және ата-аналармен жиналыс өтеді. Сөйтіп, «Серпін—2050» жобасы туралы, жан-жақты таныстырамыз. Сөз жоқ, біраз азаматтың көкейінде жобаның болашағы, ел үшін берері және жобаға қатысудың шарттары мен талаптарына қатысты сауалдар бар. Мүмкіндігінше, осы сауалдарға жауап береміз. Ал, күндізгі сағат 12.00-де қоғамдық қабылдау өтеді. Келесі күні Сарқан ауданы жастарымен кездесүді жағастырамыз.