Мұрат Әбенов: «Көрші соғыс алдында болғанда — біз жайбарақат жүре алмаймыз»
Көршіміз соғыс алдында тұрғанда бір-бірімізбен саяси ұстанныммен бөліну — руға, жүзге бөлінгемен бірдей. Бір-бірімізді батыр дейік!
***
Кейбір бауырларымыз ескі өкпелерін есіне түсіріп, саяси ықпалға еріп арамызды арандататын жік-жікке бөлүді жалғастырғысы бар.Тоқтату керек!
***
Қазақ қазақ болғалы армандап келген биігі қазір қолыңда. «Айнала алмай ат өлсін, айыра алмай жат өлсін»! Бірлігі мол Қазақ Елі аман болсын!
***
Бізді де казір байқап отыр. Біріктіретін ортақ әңгіме айтып, еңсемізді жоғары ұстағанымыз дұрыс. Достарымыз қуансын, дұшпандарымыз аяғын тарсын.
***
Ала болмайық, бір-бірімізге құрметпен қарап, артық сөзге келмегеніміз дұрыс. Іштен шыққан жау жаман демекші, арандатушыларға жол бермейік.
***
Көрші соғыс алдында болғанда — біз жайбарақат жүре алмаймыз. Достың өзі сенімсіз — тек өзімізге сенуіміз керек.
***
Ал Қазақ Елі — Елдік те, бірлік те сын сағатта танылады: Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді.
***
Жириновский айтқаны жәй сандырақ деп жұбататындар бар. 3-4 күн өтпей сол сандырағы — әскери техниканың салдырағы болып Крымнан бірақ шықты…
***
Ресейге еріп егемендігіне күрескен украиналықтарды «радикал», «фашист»деп атаған БАҚ, енді Ресейдің Крымға әкелген әскерін қалай түсіндіреді?
***
Ресей таратқан ақпаратқа сенсек, Майданды шулатқан бір топ «бүлікші». Дәл солай болса, аздаған адамға қарсы Ресейге әскерін әкеліп несі бар?
***
«Сондықтан да, біздің жұртшылық телеарнаның позициясын Ресей тарапының ресми ұстанымы ретінде қабылдауы да мүмкін»- сенатор Рахманбердиев
***
Бас Прокуратура жарайсындар! Қазаққа тіл тигізген Дарья Партола ісі тергеліп сотта қаралады. Осылай тез шара қолданған дұрыс ізін суытпай!
***
Жиринивскийдың #ҚазақЕлі мемлекеттілігіне қарсы сөзін эфирден таратқан «Рессей- 24″ телеарнасы сигналын ҚР заңы бойынша тоқтатуымызға болады.
***
Қызыл әскер қолынан 1986 жылы талай қазақ жастары Егеменді Қазақ Елі үшін қаза болды. Енді бүгін қалай 23 ақпан мерекесімен құттықтауға болады?
***
ҚР СІМ-гі екі жаққа бірдей, бейтарап ресми пікірін білдірді: «Украинаның барлық саяси күштерін ұстамдылыққа, қан төгісті тоқтатуға» шақырды.
***
Көрші айтса айтсын, мақсаттары бар шығар. Біз неге олай атауымыз керек?Жалпы БАҚда қазақ тілінде Украинадағы жағдай бойынша сапалы ақпарат аз
***
Өзіміз айтпасақ- басқаларды тыңдайды. Мемлекеттік тұрғыда Украина тұралы еліміздің стратегиялық көзқарасымызды өзіміз қалыптастыруымыз қажет
***
УКРАИНА-Батыс бүлікшіл, Шығыс билікшіл,деген кейбір көршіміздің «пропагандалық» сөзіне еріп жазған,біздің БАҚ-да «саяси таңбалар»пайда болды
***
«Өзім деген ер бір күндігін ойлайды, Елім деген ер мың күндігін ойлайды». Тенгенің кұны төмендеді деп, деңгейімізді төмендетпейік
***
«Қазақ елі» деп атауды өзгертү жайлы кейбір «дауыс берү» сайттары қазақ тілінде жұрмегендіктен қате нәтиже шығарады. Мақсаттары белгілі …
«Kazaitys.kz»