Лондон сапарынан
Лондонға сапарының негізгі мақсаты Pearson education басшылығымен кездесу болған. Бұл әлемдегі кітап баспасымен айналысатын және білім беру саласында ең ірі жаһандық денгейде қызмет атқаратын компанияларының бірі. Бағыттары əмбебап — мектеп, жоғарғы және кәсіби білім беру деңгейі бойынша қызмет көрсетеді. Барлық жобаларында тек кешенді әдістер қолданады : жағдайды зерттеп, қажеттілікті қарастырып, олардың шешу жолдарын анықтап, әдістемені, оқу стандарттар, оқулықтар дайындалады, оқытушыларды қайта даярлау және білім алып жатқан мамандардың біліктілігін бағалайды. Көптеген осы бағытта қызмет жасайтын компаниялардан ерекшелігі, академиялық сипатын алға тарту емес , «бизнес» тәсілдермен, білім саласында «тиімді ақылы қызмет» көрсетуге бел бұған: тапсырысты алады, жағдайды бағалайды, нақты есептеуге келетін ңəтижеге келіседі, іске асырады, жетістіктерді бағалайды, акт бойынша тапсырады, кепілдік береді. Идеологиядан аулақ, артық тебіреніс жоқ — тек нақтылық жəне тиімділік. Басшылары жас, «көп оқыған- тоқыған» университет профессорларына ұқсамайды, олар заманауи ағымына сай топ менеджерлер , техникалық-жасампаздар. Бұл əрине көптеген білім саласындағы дәстүрлі жолды меңгерген адамдарды таңқалдырады. Күдік те жоқ емес. Дегенмен заман талабы осындай. Білім саласы — нақты экономиканын саласы ретінде басқарылатын болды. Айтатын болсақ, OECD экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарының қамқорлығымен әлемдегі ең абыройлы PISA мектеп қабыргасындағы білім шеңберін зерттеулер осы Персон компаниясына сеніп тапсырылған. Ал бұл бізге өте өзекті тақырып. Мысалы 2012 жылы өткен PISA зерттеулерінің мағлұматы бойынша біз 65 мемлекет арасында 49 ғана төмен орындамыз. Əрине «бұндай əлемге ортақ талаптарға сай келү бізге қаншалықты керек?» деген сұрақтар туындау мүмкін. Ең басты қажеттілік — біздің мамандар дүние жүзілік мамандар нарығында бəсекелестік қабылетті болуы. Бүкіл әлемдік кадрлар даярлау жүйелері әлдеқашан біржүйелік сапа стандартының сертификатына көшкен. Егерде біз өзіміздің бітіруші түлектеріміз бүкіл әлемдік кадр нарығына сұранысқа ие болсын десек, онда білдімділікті бағалау осы тұрақты жүйелерге сәйкес болуы керек. Бұл тек қана Еуропа және Америкаға оқуға баратындарга ғана тән емес. Барлык КЗ -да жұмыс істейтін транснационалдық компаниялар қызметке қабылдағанда əлемде беделі бар ортақ сертификат талап етеді. Зауытта техникалық жұмысшыдан бастап — университет профессорларына дейін. Біздің дипломдар, олар үшін жәй колледж бен жоғарғы оқу орнын тәмәмдады деген ақпараты бар кағаз болып есептеледі. Сондықтан ерте бастан кірісуіміз тиіс.
Келісім сөз нəтижесінде «Pearson education» компаниясымен бірнеше бағытта жұмыс істейміз деп жоспарлап отырмыз.