Ел таңдауын жасады.
Міне, 1 ай күткен сайлау тарих қойнауына еніп барады. Елбасы халқының қасиетті сеніміне ие болды! Әрине, осы жерде онлайнда отырған кейбір достарым бұл сөздерімді пафос дер, бірақ либерализмнің ең басты қағидасы, ол басқа адамның пікіріне құрметпен қарау.
Ия, сонымен Республикалық қоғамдық штаб еліміздің барлық өңірлерінде 100 жуық әртүрлі үгіт-насихат іс-шаралар өткізіп сайлаушылармен кездесті. Дәл солай 29 мыңнан астам сенімді өкілдер өз қызметін атқарды.
27 түнде сағат 00.00 exit-pool нәтижелерін жариялағанда және кешегі Жеңімпаздар Форумындада Елбасшының толқығанын көрсеңіздер, ол кісінің туған халқына деген шынайы жүрек жарды разылығын айтып жеткізу қиын.
Дүние жүзінде аласыпран оқиғалар болып жатқанда, отандастарымыз өздерінің балалары мен ұрпақтарының қазірімен болашағын, өмірдегі ең қәдірлі, отбасыларының тыныштығын Елбасшымызға сеніп тапсырды. Мұнда ешқандай да политехнологиясыз да халықтың көз жанарлары мен оларды қуаныштан күлімдеген жүздерінен байқауға болады. Халық өз таңдауын осылай жасады.
Алдымызда егемендігімізді баянды етер әлі қыруар шаруа тұр. Ол, тек, осылай бірлігі жарасқан мықты елдің қолынан келері анық.
Арман көп, ал мақсат біреу — ол Мәңгілік мықты ел!