Толық мәзір

ЕҢ БАСТЫ СҰРАҚ – ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТАРДАН КЕЙІН, БАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПТЕРГЕ ЖЕТЕ АЛАДЫ МА?

ЕҢ БАСТЫ СҰРАҚ – ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТАРДАН КЕЙІН, БАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПТЕРГЕ ЖЕТЕ АЛАДЫ МА? БАЛАЛАР ОРЫНДЫҒЫН АЛУҒА АЗАМАТТАР 150 МИЛЛИАРД ТЕНГЕНІ ҚАЙДАН ТАБАДЫ?
ІІМ министрі қайда? Неге өзі жаңа жол ережелеріне көңілі толмаған азаматтардың алдына шығып түсіндірмейді?
Қаншама балалар мектептерге жеке көліктермен баруға мәжбүр (қоғамдық көліктің жоқтығынан) және сол автокөліктерде балалардың орындықтары жоғын есептер болсақ, онда жаңа жол ережелерінің қандай қоғамдық проблеманы туындатқанын түсінуге болады. Болжам жасап көрейік. ҚР барлығы 4,5 млн автокөлік тіркелген. Олардың ең кемінде үштен бірі 12 жасқа дейінгі балаларды алып жүруге пайдаланатын болса, онда 1,5 миллион автокөлікке арнайы балалар орындығын алу керек. Егерде кемінде әр кресло ең арзаны 10 000 теңге тұратының есептесек, онда кемінде бір аптанын ішінде қазақстан азаматтары осы өзгерістерді іске асыру үшін 150 миллиард тенге жұмсау керек. Бұл отбасылардың жоспарында жоқ шығын. Жіне сол 1,5 миллион орындықты сауда орындары қысқа мерзімде әкеліп үлгірмейді. Нәтижесінде сол миллиондаған балаларды көлікпен алып жүрү заңсыз болып саналады. Қолдан жасаған проблема деп осыны айт. Әсіресе қыс кезінде, мектепке жаяу барудан басқа амалы қалмаған балалардың қауіпсіздігін ойлар болсақ… Еуропа үлгісімен жасалған «белдік және орындықтардың» қаіпсіздікке беретін әсері бұның жанында жас баланың ойыны болып қалады. Менің тәжіриебемде мұндай халық тарапынан жаңа заңға қатысты наразылық бірінші рет. Өйткені, жаңа талаптар көптеген әлеуметтік қорғалмаған тұрғындардың мүдделеріне қарама-қайшы келіп тұр. Мынадан бастайық, оқу жылы бойы балаларды жеке көлікпен тасымалдау, отбасылық жүргізушісі бар бай ата-аналардың ермегі емес, бұл мәжбүрлі қадам. Ал, қоғамдық көлік тек, астаналарда ғана азды-көпті қызмет көрсетеді. Қазіргі жаңа үлгідегі мектептер үлкен 1200 орындық болып салынуда, демек аймақтың ауқымы кең, радиусы 5-6 шақырымды құрайды. Аталмыш жерлерде мектеп автобустары қарастырылмаған. Әсіресе, қыс айларында жеке көліктерден басқа басқадай көлік түрлері тапшы. Кейбір көп балалы отбасылары қаражаттарын үнемдулеріне байланысты балаларын мектептерге және балабақшаларға апару үшін ескі көлік сатып алады. Бұл, әрине, арзандау шығынға түседі. Көлігі жоқтар балаларын басқа жеке автокөліктермен апарады. Осы арқылы көптеген мәжбүрлі таксистер армиясы табыс тауып жүр. Оларды біз «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деп айтамыз. Олардың қызмет көрсетулерімен кішірек қалаларда көптеген отбасылар, 100 теңге шамасында көршілерінің балаларын мектептерге тасымалдауда. Енді олар өздерінің тұрақты тұтынушыларынан айрылады, немесе полиция жауапқа тартылу тәуекелі артады. Неге өзіміздің ауылдарымызды Еуропамен салыстыруымыз қажет?. Мысалы жол-көлік оқиғалары қалаларда жиірек болады, ал шектеулер болса, барлығына бағытталған. Жоғарыда айтылған орындықты 100% сатып алғанның өзінде, оны басқа елден әкеліп сатқанның өзінде бір жылдан аса уақыт өтеді. Бұл жерде мен әзірше сұраныстың қызған кезіндегі бағасы күр өсетіні туралы айтып отырған жоқпын. Ол көп ұзамай басталып та кетті.
Кеше ІІМ қызметкерлерінің жаңа ережелерге қатысты теледидардан берген түсініктемелерін көрдім. Бірден ойыма келгені, олардың өздеріне сенімсіздігі, яғни шектен шыққандығы байқалды, бірақ артқа шегінер жол жоқ. Бұрын осындай жауапкершіліктерді жәриялағанда полиция қызметкерлері қабақтарын түйіп қорқыныш тудыратын – қазір керісінше барынша ақталғандай. Ол да түсінікті. Жоқ жерден әлеуметтік дау-дамай тудырды. Қазірдің өзінде көптеген сын айтылуда, ал оларға жауап жоқ. Мұндай заң жобасын дайындар алдында ІІМ әлеуметтік-экономикалық сараптаманы жасауы тиіс еді. Тұрғындарға қандай қосымша шығын алып келеді, осы нормаларды енгізгенде «жағымды әсер» туындай ма? – деген сұрақтар аясында жауап беру керек еді. Айтпақшы, ҰКП-ы өз ролін атқару қажет. Парламентке заң жобасын апармас бұрын, ҰКП-ен келісуі шарт еді, заңға енгізілген өзгеріс кәсіпкерлерге қалай әсер етеді (бұл жағдайда — такси). Егер жеке кәсіпкерден қосымша шығын талап етсе, онда оған «вето» қоюға негіз болады. Ол дегеніңіз, қосымша көмек, салық жеңілдігін талап ету немесе қолданысқа белгілі бір уақыт ішінде бірте-бірте енгізу. Егер «ғалым экономистер» заң жобасына арналған бюджеттік миллиондарды сараптауға алса, стандартты түрде «заңға өзгеріс енгізу қосымша шығындарды талап етпейді және керемет әсер болады» — деп жалған түйіндеме жазса, онда олардан сапасыз жұмыстары үшін шығындарды мемлекетке қайтару қажет. Олар да жауапкершіліктің бір бөлігін өз мойындарына алуы керек.
Ал әшейінде экраннан түспейтін Генералдар қайда? Жоғарғы басшылық департамент директорларының артына қашанғы тығыла береді? Егер айтар сөз болмаса – мұндай ережеден бас тарту керек. Кеш болмай тұрғанда.