«Бұл мектеп, бұрынғы мектептен өзгерек»
«Бұл мектеп, бұрынғы мектептен өзгерек». Биыл екінші рет әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің журналистика факультетінің ұйымдастыруымен II халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтті.
«Бұл мектеп, бұрынғы мектептен өзгерек». Биыл екінші рет әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің журналистика факультетінің ұйымдастыруымен II халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтті. Бұл жолы қатардағы ұстаздар ғана емес, танымал журналистер мен халықаралық мамандар жастарға дәріс оқыды. Ары қарай шығармашыл жастарға арналған шеберлік сағатына қатысып қайтқан тілшіміз жалғастырсын.
Биыл екінші рет өткізілген қысқы мектеп жастарға тәжірибе жинап, біліктілік арттыруға таптырмас мүмкіндік сыйлады. Елімізге журналистер, халықаралық мамандар да жастармен қатар өздері де медиа саласын жаңа қырынан танығанын айтып жатты. Шетелден келген қонақтар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Мұнда келгелі көп жастармен тілдестім. Бәрінің ізденісіне риза боолдым…
Кәсіпқой журналистер шеберлік газет жаңалықтарын дайындау бизнесі, әлеуметтік медиа-конвергенция, медиавизуализация тақырыптарында шеберлік сағаттарын жүргізді. Мұндай қысқы мектеп бір емес, бірнеше қызметті қатар атқарып отырғанын айтты.
Мұрат ӘБЕНОВ, «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ директоры:
— Осы шараны ұйымдастыру ісінің басы-қасында жүрген профессор, оқытушы Гүлмира Сұлтанбаева қысқы мектеп теория мен тәжірибенің басын қосқан шара болуымен құнды деп есептейді. Шара соңында қатысушыларға біліктілігін арттырғаны жөнінде куәлік тапсырылды.
Былтырғы қысқы журналистика мектебінде жаңалық жазудан бастап, фотосурет, интернет құралдары, медиа-заңнама мәселелері талқыланған еді. Дәстүрге айналған мұндай жиын алдағы уақытта журналистердің кәсіби шеберлігін шыңдауды жалғастыра бермек.
Гүлназ Сатыбалдықызы, Серік Қаржаубай, Қазақ нью, Алматы облысы