Биыл «Серпін-2050» жобасы бойынша 6200 грант бөлінді! Талаптан жас түлек — 2015!
Достар, санауалы күннен соң мектептерде соңғы қоңырау соғылады. Биыл ҰБТ-ға 87770 мектеп бітіруші қатыспаққа ниет етіп отырса керек. Ал, жалпы мектеп бітірушілер саны биыл 124379 болып отыр. Демек, талай бала мамандық таңдауға бел буып отыр деген сөз. Ал, «Серпін-2050» жобасы бойынша ЖОО гранттары санының 5 мыңға жетуі, колледждер үшін 1200 грант қарастырылуы жастарымызғақосымша мүмкіндік беріп отыр. Дегенмен, «Серпін-2050» жобасына Маңғыстау, Қызылорда, ОҚО, Жамбыл, Алматы облыстары жастарының ғана қатысу мүмкіндігі бар екендігін атап өткен жөн. Өйткені, бұл облыстарда бала туу деңгейі жоғары және еңбек күшіне сұраныс аз. Керісінше жоба бойынша жастар оқуға баратын аймақтарда тұрғындар саны азайуы сонымен байланысты кадр тапшылығы сезіледі. Оның үстіне қазақстан жастарының техникалық мамандықтарды көбірек игеруі өмір талабына айналды. Индустриялы-инновациялық бағдарламаны іске асыру үшін бірінші кезекте технология емес білікті кадрлар қажет.