Толық мәзір

Білім күнімен Көкше өңірін құттықтадық!!!!

Ұлттың ұлағаты- мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты оқу мен әдебиетте демекші, Мемлекеттік «Мәңгілік Ел жастары-индустрияға» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ең алғашқы сапарды жер шоқтығы — Көкше өңірінен бастадық. Себебі қазақтың маңдайына біткен ару өңірдің қасиеттілігімен киелілігін қалай айтсақта тұнық сыры таусылмасы анық. Көкше өңіріне биыл серпін — 2050 бағдарлама аясында ЖОО-на 150 грант, колледжге 100 грант бөлінді. Атап айтқанда, осы гранттың 75-і Шағалалы Агробизнес колледжіне берілді. 75 грант иегерлерімен кездесу жақсы көңіл күймен өтті. Студенттер өз ойларын, ұсыныс талаптарын ортаға салып біраз мәселелер талқыланды. Алдағы уақытта тек қана биік белестерден көрінеді деген сенімдемін.Жаңа оқу жылында сіздерге шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз артта берсін, Мерейлеріңіз үстем болғай!!!