Құр сөз…
Қазақша кино өте аз деп шулатамыз. Көрермен казір жеткілікті — 80% жастар қазақ тілінде cөйлейді. Бірақ кинотеатрға барғанда ана тіліміздегі сеансқа бармайды. Егер біз қолдамасақ кімге керек біздің мәдениет? Құр сөзбен қолдағанша, барып қолдау керек. Кинотетрларды қазақша көрсетуді талап етеміз, тексертеміз, мәжбүрлейміз … бірақ не пайда?! Қазақшасы тұрғанда басқаны таңдайды!
Саха-Якут мемлекетінде 500 мың ғана сахалар тұрады. Тек өз киносын қолдайды. Өздерінде Ресейде шыққан «Елки» фильмі көременсіз қалады. Мемлекеттің қолдау емес, өздері жеке ақшаға кино түсіріп соны көреді. Жылына 30 астам саха тілінде кино шығарады. Себебі тиімді — көремендер қолдайды. Өздекістан да Қырғызстанда сондай — өз тілінде көреді.
Ал біз топырлап шетел киносына барып, өз туындыларымызды қолдамаймыз…
Ана тіліміздің болашағы әр қасымызға байланысты. Сөзден іске көшетін уақыт келді — ҚАЗАҚША КИНОҒА БАРАЙЫҚ!
PS. Бұл бір нақты фильмге қатысты айтылған мәселе емес. Соңғы шығып жатқан әрқайсына сын айтуға болады. Бірақ сан болмаса — сапа болмайтыны анық