«Абай жолын» жаңа тани бастадым
Кеше Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын жаңаша тани бастадым. Бұрын оқысақ — енді аудиокітапты тыңдаймыз. Өте тиімді. Кешке таза ауаға шығып, бір сағаттық спорттық жаттығу — енді тек денені емес — сананы , рухты шынықтыратын болды. Оған керегі тек телефон және құлаққап. Мәнерлеп оқыған әсерлі дауыс ұйытып тыңдатады. Романдағы оқиғалардың куәгері және қатысушысы болып кетесің… Уақыт қалай өтіп кеткенін де байқамай қалдым ( үйдегі кісілер жоғалтып алды )
Өзің оқығаннан басқаша қабылданады.
Аудиокітап 2011 жылы Қытай қазақтары тұңғыш рет 80 сағаттан тұратын қылып толық мазмұнын шығарды. Бауырларымызға шексіз алғыс!
Қазақ тілін енді үйреніп жүргендерге бұл аудиокітап ерекше қажет деген ойға келдім.
P.S. Әрине қағазға басылған, суреттегі екі томдық кітаптың әр кезде орны бөлек болады