Толық мәзір

ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ!18 мамыр — Түркі жазуы күні!

Мерекелеріңіз құтты болсын ардақты қауым!

Бүгін, 18 мамыр — Түркі жазуы күні!

Биылдан бастап осындай ерекше, тарихи мәні бар мерекеміз болады. Парламент пен Үкімет осындай шешім шығарды.

Бүгін тарихы тамырымыз терең, мыңдаған жыл бұрын өркениетіміз болғанын, жазу мәдениетіміз болғанын, тасқа тарих жазғанымыздың ұлықталатын күні.

Әр қазақ, түркінің кіндігінен тараған әрбір жан үшін бұл күннің орыны ерекше болмақ керек. Ұлық мерекелеріңіз ұзағынан болсын!