Мажар елінде
Көтен хан: «Тәңірден басқа құдайды білмеймін!»
Венгрияның астанасы Будапештке барып тұрып сол жақтағы қыпшақтардын астанасы Қарсақ қаласына бармай кетуге болмайды. Тілін ұмытса да , тарихын, тегін ұмытпаған бізді бауыр санайтын керемет ел. Ал Венгрияның (Мажарстанның деп те атаймыз) тұрғылықты халқы өздерін «мадиярлармыз!»,»кезінде ұлы дала Тұраннан келгенбіз!» — деп бізді жақын қөреді. Оны ғылыми сараптау қорытындылары арқылы , ежелгі мадиярлардың ДНК-сына әлгі 39 халықтың ішінде қазақтардың арғын тайпасының мадияр руынан алынған ДНК жақын болып шыққаны дәлелденді . Мажар жеріне алғаш ат басын бұрған қыпшақтар сол кездегі елдің ІV Бела патшасынан халқына қоныс сұрайды. Сонда Бела «менің қол астыма енетін болсаң, крестке табынып, біздің дінге бағынуың керек» деген талап қояды. Оған қыпшақтар қолбасшысы Көтен хан «Тәңірден басқа құдайды білмеймін» деген екен. Мына суретте: Көтен Хан және Белла патшасына Қарсақ қаласының кіре бересінде орнатылған ескерткіштің жанында. Қасымда бауырымыз Карсақ қаласының әкiмiнің орынбасары.
PS. Ханның Көтен деген атын Котяну деп кұрметтеп — созыңқырап атайды екен.